Қоғам

Жүйелі тәсілді талап етеді

– Президент Қасым-Жомарт ­Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалды.

Оның ішінде бюрократияны жою бойынша шаралар қабылдауды жалғастыра отырып, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, өнеркәсіп, көлік пен логистика, IT-сектор, АӨК-те және шетелдік әріптестермен басқа да салаларда өзара тиімді байланыстарды дамыту бойынша нақты шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Жыл соңына дейін қала құрылысын жоспарлаудан бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі барлық процесті толық цифрландыруды қамтамасыз ететін құрылыс саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу керектігі айтылды. Сонымен қатар киберқылмыстар үшін жауапкершіліктің заңнамалық шараларын қабылдау, азаматтардың дербес деректерін барынша қорғауды қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені сөзсіз.

Президент Үкіметке нарықтық жағдайға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін мәлімдеді. Әйтпесе электр энергиясын, жылу мен суды үздіксіз беру мүмкін болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, ТМД елдерінің барлығында электр энергиясына, газға және мұнай өнімдеріне тарифтер мен бағалар Қазақстанға қарағанда жоғары, бұл экономикадағы теңгерімсіздікке әкеліп соғады. Электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу туралы ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы да сөз болды. Әрбір азамат өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін дұрыс түсінуі керек.

Мемлекет басшысы атап өткен негізгі мәселелердің бірі – салық-бюджет саясатын реформалау, ел экономикасын трансформациялау бойынша жүйелі шаралар қабылдау, сондай-ақ инфляцияға қарсы іс-қимыл бойынша инновациялық және тиімді жолдарды қарастыру.
Осылайша, Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттері, біз көріп отырғанымыздай, жүйелі тәсілді талап етеді. Әрбір қадам елдің жаһандық экономиканың сенімді қатысушысы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталуы өте маңызды. Бұл сайып келгенде, біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Бауыржан СМАИЛОВ, Астана қалалық мәслихатының депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button