Мәдениет

Дәмештің кесесі

Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің қарындасы (ағасы Әмірханның қызы), «Темір нарком» атанған Темірбек Жүргеновтің жары Дәмеш Ермекова-Жүргенова – ағасы мен жұбайы секілді өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін құрбаны.

Ол 1938 жылдың 3 қазанында КСРО Ішкі істер халық комиссариатының арнайы қаулысымен отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға бас бос­тандығынан айырылды. 1938 жылдың 18 қыркүйегінде Алматы түрмесінен «АЛЖИР» лагеріне жөнелтілді. Ақмола лагерінде 1941 жылдың 5 шілдесіне дейін тұтқында болды. Қалған мерзімін ҚарЛагта өтеп, 1946 жылы босатылды.

Дәмеш Ермекова-Жүргенова Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университеттің медицина факультетін бітірді. Осы қалада 1924 жылы Темірбек Жүргеновпен танысып, шаңырақ құрды. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Ташкент медицина институтында оқытушы болды. Бұл Ақмола лагеріне жіберілгеннен бұрынғы өмірі. Ал ақталып шыққаннан кейін Алматы медицина инс­титутында ұзақ жыл оқытушы болып еңбектенді. Жемісті қыз­меті үшін оған Қаз КСР еңбек сіңірген дәрігері атағы берілді. Ал 1982 жылы Алматы қаласының Құрметті азаматы атанды. Өткен жылы оның атына Қызылорда қаласында көше аты берілді.

Астана іргесіндегі «АЛЖИР» музейінде лагерь тұтқындарынан қалған көптеген жәдігер сақталған. Арасында Дәмеш Ермекова-Жүргенованың «қош­қармүйіз» оюы бейнеленген кесесі де бар.

Аманғали Қалжанов

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button