Қоғам

«Нұрлы жүрек» орталығында ерекше балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Елордада стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Орталық ауыр соматикалық бұзылыстармен, церебральды сал ауруымен, әртүрлі көріністердегі эпилепсиямен, хромосомалық аурулармен, аутизммен, сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстарымен және психикалық ауытқулары бар психикалық дамуы тежелген балаларға көмек көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мекеменің қамқорлығындағылар жасына, жынысына, психикалық және дене дамуының ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Мекеме 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, білім беру, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық және экономикалық.

Орталықта аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға арналған мамандандырылған кабинет, сенсорлық кабинет, Монтессори кабинеті, тігін, ағаш және металл өңдеу шеберханалары, лекотека, СБО кабинеттері, компьютерлік кабинеттер, ойын лабиринт кешендері, жаттығу терапиясы кабинеттері, физиотерапия, және заманауи техникалық құралдармен жабдықталған галотерапия (тұзды шахта).

Ғимараттардың аумақтары заманауи ашық спорттық құрал-жабдықтармен және антивандальды ойын кешендерімен, футбол, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталған.

Орталық студенттері Spesial Olimpics, «Жұлдыз-ай», «Арман асулары» сияқты қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене қатысады. Соңғы 10 жылда Олимпиада спортының әртүрлі түрлерінен 115 алтын, 90 күміс және 95 қола медаль жеңіп алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button