Қоғам
Жанкүйерлер залдағы қоқысты жинады

1 ақпанда теннистен Дэвис Кубогының матчынан кейін жанкүйерлер Beeline Arena-дағы қоқысты жинауға қалды. Жанкүйер мәдениеті – спортшыларды қолдау ғана емес, басқаларға деген құрмет, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Біз теннистен ләззат алу үшін келдік, бірақ неліктен өзімізден кейін таза етіп қалдырмасқа? Бұл қалаға, ұйымдастырушыларға, өзімізге деген құрмет», – деді акцияға қатысушылардың бірі.
Мұндай бастама Астанада танымал болып келеді.
Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис жарысы.