Қоғам

«Пранк» жасамақ болған азаматтарды полиция ұстап әкетті

Астанада әзілдемек болған жастарды полиция “қоғамдық тәртіпті бұзды” деген айыппен қамауға алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сайтағы мәліметтерге қарағанда, бір топ жас тұрғын үйлердің лифттерінде жанжал туындатады, сол уақытта қаруға ұқсас затты көрсеткен, осылайша олар осы оқиғаға куә болған азаматтарды үрейін ұшырған.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбалардың бірінде азамат Г.А. мен оның танысы жанжалдасып, арты төбелеске қласқан.

Әдейі ұйымдастырылған көрініс барысында Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, лифтте болған адамдарға қаратып, оларға шынайы қауіп төнгендей әсер қалдырған.

Мұндай әрекеттердің соңы көпшілік арасында үрей тудыру, адамдардың денсаулық жағдайының қиындауы, куәгерлер тарапынан агрессивті реакция тудыруы мүмкін.

Аталған факті бойынша осы әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, полицияға жеткізілді.

Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.

– Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын осындай құқықбұзушылыққа қайшы әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді. Азаматтарды жауапкершілікке, заң талаптарын сақтауға және күдікті жағдайлар туралы 102 нөмірі арқылы полицияға дер кезінде хабарлау керектігін ескертеміз, – делінген сайттағы хабарда.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button