Әлеумет

Астанада су тасқынына қарсы жұмыс жүріп жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Қалада су тасқынына қарсы белсенді жұмысты жалғастырамыз. Коммуналдық қызметтер 4,5 млн текше метрден астам қар шығарды.

Қазіргі уақытта жыл басынан бері арық-науа желісінің 11,5 мың погонды метрі тазартылды, 8 640 погонды метр коллекторлар, 428 бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы жуылды, станциялардағы бірнеше сорғы жабдығы ауыстырылды және т.б, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сол сияқты Есіл өзенінің арнасына реконструкциялау (су реттейтін бөгет, 5-кезек) жүргізілді; нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз қосылуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жеке тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізілуде және т.б.

– Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге, су өткізу құрылыстарын тазартуға, нөсерлі кәріз жүйелерін салуға ерекше назар аударылады, – деп толықтырған қалабасы.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button