Итальян әндері әуеледі
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Қ.Жұмакенов атындағы үрлемелі оркестр «Gelato Con Caffe» атты концерт қойды.
Концертте әйгілі неаполитан әндері, итальян эстрадасының танымал хиттері, сондай-ақ Эннио Морриконе мен Нино Рота сияқты итальян композиторларының кинотуындылары орындалды.
Осылайша көрермендер итальян әндерін филармонияның солистері мен үрлемелі оркестрінің және Алтынбек Арыстанбек, Ринат Нұрмұхан, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин, Құралай Мейрамбек, Бақдәулет Жақыпов, Әнел Смаилова, Мұратбек Хайролда, Айдын Жұмабай, Нұрсәт Алмас, Дәурен Төлеубаев, Хамит Отарбаев сияқты мықты әншілерімізбен, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, сондай-ақ Камералық хорының орындауында тыңдап әлемдік музыканың аурасымен тыныстап, рухани серпіліп қайтты.
Кеш барысында итальян композиторлары Нино Рота мен Эннио Морриконенің әлемдік кино музыкасының жауһарлары мен қатар Эннио Морриконенің «Миссия» фильміндегі
«Габриэльдің гобойы» және «Cinema Paradiso» туындыларын Сая Жақсылыққызы орындады. Сонымен қатар Нино Ротаның «Крестный отец» фильмінің саундтрегі де шырқалды.
Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин. Бас дирижёр – Дархан Рахымғалиев.