Әлеумет

Сапалы білім негізі – саналы тәрбие

– Елімізде Президент Қасым-­Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» атты бірегей ұлттық жоба қолға алынды.

Бұл мақсаты айқын, бағыты тың жоба ретінде көпшілік үшін қуанышты жаңалық болды. Әсіресе ата-аналар тарапы балаларын заманауи үлгідегі, дамыған мемлекеттердің тәжірибесін негізге алған жаңа мектептерде оқытуды асыға күтті. Елордада демографиялық өсім жоғары. Сондықтан осындай сапалы білім беретін оқу орындарының санын арттыру аса маңызды. Белсенді ата-аналармен бірге мен де жоба ұсынатын бар мүмкіндіктердің куәсі болдым. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен және зертханалармен толық жабдықталған. Оқулықтар мен жеке хаттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылған. Осылайша оқушылардың ауыр сөмкесін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру – басты мақсат. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спорт залы бар. Яғни «Жайлы мектеп» жобасы – бүгінде білім беру саласын дамыту бағытындағы жаңа қадам. Елімізде педагог мәртебесі артып, оқушылардың осындай оқу орындарында жоғары жетістікке жетуі сөзсіз қуантады. Бұл тұрғыда «ата-ана – оқушы – ұстаз» үштігі бірге жұмыс істемей, сапаға қол жеткізу қиын. Сондықтан елорда мектептерінде өзара тығыз қарым-қатынасты орнату мақсатында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі» және «Аналар ұйымы» секілді топтар белсенді жұмыс істеуде. Әрбірі мұндай сапалы білім беру орындарында саналы тәрбие беруді көздейді.

Бекдайыр НЫҒМЕТҰЛЫ, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының төрағасы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button