Ел тынысы
Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады
Наурыз айында бірнеше мереке демалыс күнге сәйкес келеді, яғни қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Биыл 8 наурыз (халықаралық әйелдер күні) сенбіге келеді. Сондықтан алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленген.
Ал Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді. Сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс болып саналады және жалпы демалыс бес күнге жалғасады.
Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар наурыз айында жалпы 13 күн демалады.
Бұған дейін бірінші сынып оқушыларының қосымша қысқы демалысы қашан басталатыны хабарланған еді.