Қоғам
Өзбекстан 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екіжақты су ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 12-ші отырысында осы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұдан бөлек, министрлер мемлекетаралық каналдарда бірлескен жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы уағдаласты. Бұл Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Жизақ облысының шаруаларына су беру сапасын жақсартады.
«Кездесуде талқыланған тағы бір тақырып Сырдария өзенінде суды есепке алуды автоматтандыру мәселесі болды. Осыған дейін біз есеп жүйесі орнатылатын алғашқы 10 нүктені анықтадық. Әр елдің аумағында 5 нүктеден. Бүгін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін техникалық тапсырманы келістік. Ақпан айында ортақ іс-қимылды талқылау үшін халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлескен жұмыс тобының кездесуі өтеді», – деді Нұржан Нұржігітов.