Қоғам

Қазақстанда салалық өрт сөндіру қызметі құрылады

Заң жобасы аясында мемлекеттік органдардың өртке қарсы қызметтері мен құралымдары үшін «салалық өртке қарсы қызмет» анықтамасы енгізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, орман шаруашылығы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында құрылатын мұндай қызметтер мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты объектілердегі өрттерді сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Қорғаныс министрлігі өрт қауіпсіздігі саласындағы ведомстволық бақылауды жүзеге асыруға құқылы болады. Ал жергілікті атқарушы органдарға дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдімекендердегі өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай, азық-түлік, медициналық көмек, күштер мен құралдарды қамтамасыз ету құқығы беріледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button