Қоғам

Коммуналдық төлемдерді жаңа жолмен алады

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі барлық коммуналдық қызметтерге бірыңғай түбіртек енгізуде. Бұл туралы бүгін Индустрия және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбірова мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

“Өткен жылдың қараша айынан бастап өңірлерде Барлық коммуналдық қызметтерге арналған Бірыңғай түбіртекті енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп келемін. Енді әр түрлі төлем қағаздарын қарастырудың қажеті жоқ – барлық ақпарат бір құжатта жинақталған.”, – деді Жаннат Дүбірова

Басты мақсат – бұл жүйені тек қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету.

Бірыңғай түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн беріледі, ал оны төлеу бірнеше батырманы басу арқылы жүзеге асады. Қажет болған жағдайда қағаз түріндегі нұсқасы да қолжетімді.Өңірлік әкімдіктер бұл іске белсенді кірісіп, бүгінде бірнеше елді мекен тұрғындары цифрлық түбіртектерді ала алады.

2025 жылдың 24 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин табысы төмен қазақстандықтар үшін тарифтердің көтерілуі қалай өтелетіні туралы айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button