Елорда тынысы

Мемлекеттік грант иегерлерімен кәсіпкерлермен кездесті

Елорда мәслихатының депутаттары ертең өтетін әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысының қарсаңында мемлекеттік грант иегерлерімен және сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Көптеген грант иегерлері өз кәсібін бастап, сұлулық салондарын, кафелер мен наубайханаларды ашты. Ал кейбір азаматтар қажетті кәсіпті меңгеріп, гүл салондарында, балабақшаларда, тігін цехтарында және басқа да жұмыс орындарында еңбек етуде.

Кәсіби оқыту бағдарламасына қатысушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі: оқу ақысы төленіп, 32 681 теңге мөлшерінде шәкіртақы беріледі. Сонымен қатар, оқу кезеңінде медициналық тексеруден өту үшін 2 АЕК (7 384 теңге) көлемінде материалдық көмек қарастырылған. Ертең мәслихат қабырғасында жұмыссыздықтың алдын алу және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігі талқыланатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button