Әлеумет
Белгілі ақынды қабылдады
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2025/02/476063108_18162968788334995_960051264194031622_n-780x470.jpg)
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жақында тағайындалған Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының жаңа директоры, белгілі ақын Бауыржан Бабажанұлын қабылдады.
Әңгіме, негізінен, қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысы, елордалық қаламгерлердің жай-күйі, әдебиеттегі жаңа есімдер жөнінде болды. Бауыржан Бабажанұлы астаналық филиал директоры ретінде алда жасалатын жұмыстар туралы ойын ортаға салды. Шаһар басшысы Жазушылар одағының жобаларына барынша қолдау көрсететінін айтты.