Басты ақпаратЕлорда тынысы

Даму жоспары пысықталды

Елордалық мәслихатта Астана қаласы даму жоспарының орындалуы жан-жақты талқыланды. Кендебай Адамбектің төрағалығымен өткен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын пысықтады.

 

Бұған дейін Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет саясатын реформалау күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін айтқан болатын. Бюджет тапшылығын ескере отырып, басты міндет – ел экономикасын трансформациялау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл мәселе қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асып жатқан мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа форматымен тығыз байланысты.

Былтыр Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа нұсқасы енгізілді. Жаңа формат мемлекеттік органдар мен өңірлердің даму жоспарларын үйлестірудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Соның аясында қабылданған құжаттар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге және ұлттық жобалардың сәтті жүзеге асуына негіз болды. Ал 2023 жылы Қазақстанның жаңа ұлттық даму жоспары негізінде Астана қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары қайта қаралғаны белгілі. Бұл түзетулер Астана дамуының негізгі бағыттарын нақтылап, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Астана қаласының даму жоспарын тиімді жүзеге асыру мақсатында цифрлық басқару жүйесі, мониторинг және талдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шаралары қабылданды. Бұл мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Жаңа мемлекеттік жоспарлау жү­йесі – Қазақстанның дамуындағы стратегиялық қадамдардың бірі. Осы бағыттағы жетістіктер мен тұрақты жұмыс­тар елордалық мәслихатта талқыланып, атқарушы органдардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша жаңа шешімдер мен ұсыныстар пысықталды.

Айта кеткен жөн, Тексеру комиссиясы «Астана қаласының 2021-2025 жылдардағы даму жоспарының» орындалуы бойынша біршама олқылық жіберілгенін көрсетті. 2021 және 2022 жылдарға кейбір индикаторлар бойынша толық орындалмау себептері айқындалып, алдағы уақытта алдын алу жолдары қаралды. Әкімшіліктің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мүдделі бюджет әкімшілерін үйлестіруді күшейту қатаң тапсырылды. Осы мәселеге арнап бөлек жоспар да­йындау қажеттілігі де айтылды. Отырыс нәтижесі бойынша депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстар ескеріліп, орындауға мүдделі басқармаларға жіберіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button