Қоғам
Елорда жанкүйерлері тағы да үлгі көрсетті
Футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарсыласын 7:3 есебімен жеңгеннен кейін жанкүйерлер қауымы кезекті рет жауапкершілік танытып, стадион трибунасын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Команданы қолдау тек матчтағы эмоция ғана емес, сонымен қатар қалаға, аренаға, өзге адамдарға деген құрмет. Бұл біз үшін игі дәстүрге айналды», – деді жанкүйерлердің бірі.
Мұндай бастама Астанада танымал болып, таза қала мәдениетін қалыптастырып келеді.
Маңызды матчты 3 мыңнан астам көрермен тамашалады.