Ел тынысы

Сүйек кемігі донорлары қалай көбеюде?

Ақтөбелік мамандар жыл сайын 100 донорды тіркеуге міндетті. Қан құрамы Астанада тексеріліп, жарамды болса тізімге алынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елде сүйек кемігі донорларын табу қиын. Сондықтан әр өңір жыл сайын 100 донорды тізімге алуға міндеттелген. Донор тізімге енгізілгенімен, оның сәйкес келуі 10 мыңнан бір, тіпті миллионнан бір болып келеді. 2018 жылдан бері елімізде туыс емес аллогендік 15 трансплантация жасалды. Оның 11-і қазақстандық, 3-і Ресей, ал біреуі Италия азаматына жасалды.

– Гемопоэздік жасушаларды дамыту орталығы елімізде 2011 жылы ашылды. Себебі елімізде жыл сайын 300-ге жуық адамға онкогематологиялық диагноз қойылады. Оның жартысы – бала. Емі – гемопоэздік жасушалардың трансплантациясы. Мақсат – донорлар санын көбейту. Қазақстан бойынша тек 11 мыңнан аса донор бар. Өңірлерге жыл сайын жоспар беріледі. Жыл сайын 100 донор тіркелуі керек. Кез келген адамның қаны жарамайды. Адамдар қан орталығына келіп, 6-9 мл қан тапсырады. Оны Астана қаласына жібереміз. Зерттеу тек еліміздің астанасында ғана жүргізіледі. Сәйкестік анықталса, донорға хабарласады. Сәйкестік 10 мыңнан бір, сирек фенотип болса миллионнан бірі ғана, – деді Ақтөбе облыстық қан орталығы гемопоэздік жасушаларыдың донорлығын дамыту маманы Айсұлтан Абрашев.

Бұл трансплантация кезінде донор науқастың қанын толық алмастырады. Мамандар бұл трансплантация туралы әлі де ақпарат аз деген пікірде.

– Қазақстанда дің жасушалары туралы мағлұмат аз. Әсіресе жастар аз біледі. Ал трансплантация кезінде көбіне жастар донор бола алады. Студенттермен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізудің маңызы осында. Сүйек кемігі донорын табу қиын, ал емнің осы түрі науқас үшін тиімді, – деді Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің доценті Ғалымжан Исаев.

Еске салсақ, Алматы облысында қайтыс болған донор 4 адамның өмірін сақтап қалды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button