Қоғам

«Astana Winter Triathlon» жарысы өтеді

Елордадағы Триатлон саябағында 16 ақпан күні «Astana Winter Triathlon» қысқы триатлон жарысы өтеді. Жарысқа елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Жарыстың негізгі мақсаттары:
* Елордада бұқаралық спортты дамыту;
* тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу;
* ашық ауада, оның ішінде қыс мезгілінде спортпен шұғылдануға мотивация беру;
* спорттың алдын алу шараларындағы рөлін арттыру;
* халықтың денсаулығын нығайту.
Қатысушылар мынадай қашықтықтар бойынша жарысады:
* Жүгіру кезеңі – 2,5 км;
* Велосипед кезеңі – 3 км;
* Шаңғы кезеңі – 2,5 км.

Жарысқа 100 адамға дейін қатыса алады. Жеңімпаздар жас ерекшеліктері мен жыныстық категориялар бойынша анықталады, ал 1, 2, 3 орын иегерлері марапатталады.

Өтетін уақыты: 09:00 – 12:30 (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін)

Жарысты Астана қаласының триатлон федерациясы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Жарыс туралы толық ақпаратты келесі сайттан алуға болады: www.astanatriathlon.kz.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button