Ауа сапасы төмен қалалар саны екі есе өсті
Бүгін Қазақстанның 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— 2025 жылдың 7 ақпанда Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салсақ, кеше ауасы ластанған қалалар саны екі есе төмен болатын. Бүгін олардың қатарына Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қосылды.