Қоғам

Астана велоспортшылары – Азия чемпионатының жүлдегерлері

Астана қаласының спортшылары тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда astana-akshamy.kz

Таиландтың Пхитсанулок қаласында 44-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың алғашқы күнінде «элита» санатындағы аралас эстафета (42,8 км) өтті. Бұл сайыста Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Жапония құрамасына бұйырса, қола жүлдені Гонконг командасы иеленді. Жеңімпаздар қатарында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті.

Сонымен қатар, аралас эстафета (21,4 км) жарысында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Команда сапында елордалық Мұрат Күйтенов сәтті өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысып жатыр. Құрлықтық біріншілік 16 ақпанда мәресіне жетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button