Қоғам

Келушілерге кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды

Елорданың Нұра ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу үшін ойын-сауық мекемелеріне түнгі рейд жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Профилактикалық шараны Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.

Рейд барысында үш мекеме тексеріліп, тиісті рұқсат құжаттарынсыз темекі шегу өнімдерін тарату және пайдалану бойынша заңды бұзу фактілері анықталды.

Тексерулердің қорытындысы бойынша заң бұзушылық тіркелген нысандардың біріне 240 000 теңге айыппұл салынды.

Нұра ауданының әкімдігі мен ішкі істер бөлімі заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге көңіл бөледі. Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу жұмысы ары қарай да жалғасады.

Сондай-ақ полицейлер мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіліп, демалыс және мереке күндері бақылау күшейтілгенін баса айтты.

Құқық қорғау органдары азаматтар мен кәсіпкерлерді заң талаптарын орындап, қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға үлес қосуға шақырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button