Мәдениет

Тілендиев мерейтойына арналды

Елорданың шейх Халифа бен Зейд Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында көрнекті күйші-композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбаймен кездесу өтті.

 

Әнші Нұрғиса Тілендиевтің көзін көріп, шығармашылық байланыста болды. Кенжеғали Мыржықбай Абай әндерінің, ұлы ақынның өлеңдеріне жазылған туындылардың бірден-бір насихатшысы екені белгілі. Ал Нұрғиса Тілендиевтің «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген сирек орындалатын романсы барын біреу білер, біреу білмес. Осы романс Кенжеғали Тұрсынбекұлының репертуарына енген. Әнші әйгілі композитормен шығармашылық байланыс туралы әңгімелеп, қызықты әңгімелерді шертті. Өзінің өмір жолына, белгілі тұлғалардан алған өнегеге тоқталды. Кездесу еркін сұхбат форматында өрбіді. Кенжеғали Мыржықбай Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын шырқады. Бұған қоса, мектеп оқушылары композитордың әндерін әуелетіп, күйлерін тартты. Кездесуді қорытындылаған аталмыш мектеп-лицей директоры Самал Нұғманова тың деректер мен естеліктер оқушыларға рухани азық сыйлағанын айтып, қонаққа алғысын жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button