Мәдениет

Ұстаз – әлем чемпионы

Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова Мысырда пауэрлифтинг спортынан өткен ашық әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленді.

 

23 мемлекеттен 2000-ға жуық спортшы қатысқан жарыста елордалық ұстаз зілтемірді жерден іліп тік көтеру сайысында 100 келіні оңай бағындырып, рекорд тіркеді. Айгүл Ержанова спорттың бұл түрімен 52 жасында кәсіби тұрғыда айналыса бастаған. Ал оған дейін қол күреспен, жеңіл атлетикамен айналысқан.

– Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырған соң, мені ұйымдастырушылар басында қытайлық деп ойлапты. Кейін рекорд орнатқанымда, Қазақстаннан келгенімді біліп, құрмет көрсетті, – дейді чемпион.

Айта кетейік, астаналық мұғалім былтыр «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған. Ал бапкері – өзінің інісі Айбар Ержанов. Ол ауыр атлетикадан әлем чемпионаты, Азия, Еуропа біріншіліктерінде жеңіске жеткен.

Дайындаған Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button