Ел тынысы
Жеке тасымалдаушы вагондарда бейнебақылау жүйесін орнатып жатыр

Жеке тасымалдаушы жолаушы вагондарында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, «Сары-арка компани» ЖШС жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен пойыз бригадалары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Орал-Астана» бағытында қатынайтын 10 вагонда қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұдан басқа 2024 жылы компания қосымша тағы 10 жолаушы вагонында бейнебақылау жүйесін орнатты.
Компания вагондардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатумен қатар жолаушы вагондарының паркін жаңарту жұмыстарын да жүргізуде.
Жалпы тасымалдаушыда “Орал-Астана” бағытында қатынайтын сыйымдылығы 600 орындық 30-ға жуық вагон бар.