Ел тынысы

Елімізде азаматтық авиацияны дамыту стратегиясы қашан құрылады?

Қазақстанда «Азаматтық авиацияны дамыту ұлттық стратегиясы» жақын арада жасалмайтын сыңайлы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— «Мемлекеттік жоспарлауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің даму жоспарлары жатады. Азаматтық авиация саласының дамуын көрсететін құжаттарды әзірлеу шеңберінде министрлік салалық сарапшылармен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледі. Бұл ретте, қазіргі уақытта министрлік шағын авиацияны дамыту жөніндегі жеке тұжырымдаманы әзірлеу мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ, министрлік жақын арада азаматтық авиацияны дамыту стратегиясын әзірлеуді жоққа шығармайды. Алайда ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысының 81-тармағына сәйкес мұндай құжатты әзірлеу үшін ҚР Президентінің және Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің тиісті тапсырмасы қажет, — делінген хабарламада.

Бұл мәселе еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше жылдан бері жазылып келеді. Тіптен еліміздің бас газетінде ICAO-да тәжірибе жинаған авиатор Абыл Кекілбаев азаматтық авиация стратегиясы нені қамтуы керектігін және сала мамандарымен бірлесіп азаматтық авиацияның даму стратегиясының тұжырымдамасын дайындап қойғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында Үкіметке азаматтық авиацияның негізгі проблемаларын атап көрсеткен еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button