Зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті
Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, зейнеткерлер арасында үстел теннисінен турнир өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Зейнеткер арасында Байқоңыр ауданында ұйымдастырған турнир қызықты өтті. Спорттық шараға бес ауданнан 43 зейнеткер қатысты. Турнир үш деңгейде өтті, олар бастауыш, орта және күштілер арасында жарысқа түсті. Әрбір деңгейдегі спортшылардың жетістіктері жеке бағаланды. Турнир өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, әртүрлі аудандардан келген қатысушылар арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізді.
Турнир қорытындысы бойынша күштілер арасында Манарбек Канкетаев, орта деңгейде Мұрат Шамиганов және бастапқы деңгейде Магиша Ахметова жеңіске жетті. Ең жасы үлкен қатысушы 83 жастағы Владислав Чен болды. Барлық жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділіктері мен спорттық шеберліктері үшін алғыстарын білдіреді. Мұндай шаралар егде жастағы адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйін жақсартуға, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді.