Қоғам

«Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» қалалық семинары өтті

Елордадағы К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде балабақша әдіскерлері мен бастауыш сынып бойынша мектеп директоры орынбасарларының қатысуымен «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Жиында балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке бейімдеудің тиімді жолдары, балалардың жаңа ортаға үйреніп, сіңісіп кетуіне жағдай жасауға қатысты жұмыстарды жандандыру мәселелері қарастырылды.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балаларды ерте дамыту» институтының директоры Мария Ерманова мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен балабақшаға баратын балғындардың мектепке барар кездегі дағдыларды игеруі, оларды бақылау мен білім беру ұйымдарының арасындағы байланыс туралы баяндады.

«Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген. Оған сәйкес білімнің бірізділігін, сабақтастығы және үздіксіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Балаларды ерте дамыту» институты бірлесіп, іс-қимыл жоспарын жасадық. Тірек мектептері мен тірек балабақшалары анықталып, олардың арасында байланыс орнатылды. Мониторинг негізінде баланың жеке даму картасын жүргізуге назар аударылатын болды. Бізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы бар, соның аясында жылына 3 рет бала тиісті дағдыларды қалай игеріп жатқанын анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі», – деді Мария Ерманова.

Мамандардың айтуынша, балабақша мен мектептің арасындағы сабақтастық бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі мен мектеп бағдарламасын толық және сапалы игеруіне ықпал етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button