Қоғам

Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа 2,5 млрд теңге бөлінбек

Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа 2,5 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлердің қозғалысына және киім тігуге жұмсалады.

Шеру үш кезеңнен тұрады. Алдымен әскерилердің маршы ұйымдастырылады. Артынша әскери техникалар көрсетіліп, соңында ұшақ ұшып өтеді.

Парад кезінде сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетілмек. Шараға 4500-ге жуық адам қатысады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button