Әлеумет

Өнерлі әжелерден құрылған «Сағыныш сазы» ансамбліне 5 жыл

Есіл ауданының өнерлі зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамбліне 5 жыл толды. Ансамбль өз жұмысын 2019 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа ауданына қарасты қалалық ардагерлер ұжымында бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өнер ұжымының репертуары алғаш құрылған кезде халық әндерін орындаудан басталған еді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүрген ансамбльдің репертуары бүгінде әр түрлі, ән қоржынында 80-ге жуық ән бар.

Ансамбльдің негізін қалауға термеші, сазгер, күйші, әнші Күлзағила Барлыкова мұрындық болды. Ансамбль өзінің ең алғашқы тұсаукесер концертін 2019 жылы «Шарапат» қарттар үйінде өткізді.

Бүгінде әжелер ансамблінің ұжымына ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Жанарбек Искендыров жетекшілік етеді.

Сонымен қатар «Сағыныш сазы» ансаблінің шығармашылық дамуына Шарбат Құрманова, Баян Сейсембаева, Кәмшат Абдильденова, Сара Казгужина, Қорлан Жаңабай, Сараш Қожанқұлқызы, Қанша Есқарақызы, Гүлсара Кульчикова, Қанат Қалықов, Жұпар Муканова және Ләззат Тлеукенова сынды көркем өнерпаздар белсенді атсалысуда.

Жақында өнер ұжымы өзінің бес жылдық мерейтойына орай есептік концерт ұйымдастырып, өнерсүйерді қауымды әуезді әндерімен таңқалдырды. Концерттік бағдарламада терме, халық және эстрадалық әндермен қатар, күй орындалды. Күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Батыр Темірғалиев концерттің құрметті қонағы болды.

«Біздің «Сағыныш саз» ансамблінде 63-78 жас аралығындағы 20-ға жуық өнерлі зейнеткер бар. Олар өз репертуарларын үнемі жаңартып тұрады. Соңғы кезде эстрадалық жанрды жаңғыртып келеді. Олардың орындауындағы «Қайдасың», «Махаббат мұңы», «Сағыныш сазы», «Есіл ағады», «Тамшылар» т.б әндері көрермен көңілінен орын алуда. Ансамбль өнерпаздары қаламызда өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысып, өнер жолындағы жүкті бірлесе көтеріп, киелі сахна төрінде өнер көрсетуден жалыққан емес» – деп сөзін түйіндеді Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның мәдени ұйымдастырушысы Гүлшат Әлекешқызы.

Бүгінде «Сағыныш сазы» ансамблі өз замандастарының сүйікті әншілеріне айналып, қала тұрғындарын өнердегі жетістіктерімен қуантып келеді.

Атап айтқанда, 2024 жылы Түркістан қаласында өткен «Astana Stars» «TURKESTAN GRAND FESTIVAL» байқау–фестиваліне қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Ансамбль өнерпаздарын осы бір атаулы күнмен құттықтап, шығармашылық шабыт тілейміз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button