Қоғам

Ардагерлердің атқарған жұмысы да, атқаратын жұмысы да көп

Астана қаласы Алматы ауданы  ардагерлер Кеңесінің V Пленумы өтті. Жиынға Астана қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай  Есілов, Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, Астана қаласы Мәслихатының депутаты,  «Аманат» партиясы  Алматы ауданы филиалының  төрағасы Азамат Айтқожин және Астана қаласы Мәслихатының депутаттары мен аудан ардагерлер Кеңесінің  мүшелері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өмірден өткен ардагерлерді бір минуттық үнсіз еске алудан кейін Пленум отырысын Алматы ауданы ардагерлер Кеңесі төрағасы Марат Мұстафин ашып  аудандық ардагерлер Кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады.

– Өткен жыл еліміздің өмірінде маңызды оқиғалар көп болды. Дегенмен ардагерлеріміз алға қойған міндеттерді абыроймен атқарды. Былтырғы жылы біздің Алматы ауданында зейнеткердің саны 36 мыңға жетті. Олардың 8 мыңнан астамы Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің құрамында болса, 66-сы бастауыш ардагерлер ұйымдарына біріктірілген. Аудан ардагерлері Кеңесінде 4 Ұлы Отан соғысының және 267 тыл ардагерлері бар. Олардың қатарында бір лагерь тұтқыны болған адам. 4 ҚР-ның алдындағы ерекше еңбегі үшін марапатталған, және  «Қазақстанның Еңбек Ері»  сыйлығын алған 4 адам бар.

Ауданымызда соғыс және тыл ардагерлерінің  материалдық-тұрмыстық мәселелері мен олардың осындай үлкен мерекелер күндері қала және аудан басшылары тарапынан әрдайым қолжетімді көмек көрсетіліп тұрады. Олар көбінде тегін тіс салдыру, санаторлық-курорттық емделу, концерттерге тегін қатысу және азық-түлік сөмкелерімен қамтылды.

Сондай-ақ олар Астанамыздың қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Елордадағы көктемгі ауқымды экологиялық айлық кезінде  Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің басшылығымен барлық бастауыш ұйымдар белсенділік танытты.Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Тәуелсіздік  алаңының жанындағы «Қазақ елі» монументінің жанында «Менің Қазақстаным» атты 500 адам қатысқан зор көлемде флешмоб өткіздік. Әл-Фараби атындағы оқушылар Сарайында «Елорда» халықтық хорының есептік концертін бердік. Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына  орай  Интернациональный түрғын үй алабындағы № 44 орта мектепте  мереке ұйымдастырдық. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде  С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай фильм-концерт өткіздік.Бұған қоса Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған «Ерлік жолы» атты іс-шара өткіздік. Ал, Алматы ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында ардагерлерге мәдени-шынықтыру және мағлұматтар беру бағытында қызмет көрсетудің 13 түрі бар.  Осы қызметтер арқылы өткен жылы 1139 зейнеткерлер қамтылды. Айта берсек бір жыл бойы атқарылған жұмыстардың легінде шек жоқ,–деген Марат Кәрімұлының баяндамасынан кейін талқылау басталып басқа да қатысушыларға сөз берілді.

Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов өз сөзінде ардагерлер кеңесінің өз жұмысын жүйелі, жоспарлы түрде атқарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол биылғы жылы айтулы күндер, атаулы мерекелер аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Осылайша күн тәртібінде ардагерлердің бастауыш ұйымдардың жаңа төрағалығын жаңа құрылған Сарайшық  ауданына тапсыру және оларды  Алматы аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшелігінен шығару сияқты мәселелр қаралып,  ардагерлер Кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, 2025 жылғы міндеттері бекітілді.

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button