Елордада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайды

Елордада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанада жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске асырылмақ. Енді қаланы Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясының жүйесі «бақылайтын болады». Себебі 13 наурыздан бастап «Сергек» жүйесінің мердігері мен қала әкімдігі арасында жасалған келісімнің мерзімі аяқталады. Бұл туралы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов айтты.
Presight компаниясы G42 холдингінің құрамына кіреді. Ол да жүйені мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыратын болады. Жоба 2025-2030 жылдарға жоспарланған. Инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге.
Мәслихат депутаттары Presight компаниясына бейнемониторинг жүйесін басқаруға беруді қолдады.
«Сергек» жүйесі Астанада 2017 жылдан бері жұмыс істеген болатын.