Елордалық хоккейшілер VI Қысқы спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
![](https://www.astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2025/02/86cd4d8c5ce11a11aee115189976b7b0_1280x720-780x470.jpeg)
8-13 ақпан аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы VI Қысқы Спартакиаданың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бес күнге созылған тартысты додада Шығыс Қазақстан облысының командасы (4 жеңіс) алтын медальға ие болды. Астана қаласының хоккейшілері 3 жеңіс, 1 жеңіліспен Спартакиаданың күміс жүлдесін еншілесе, Алматы қаласы (2 жеңіс, 2 жеңіліс) үздік үштікті қорытындылады.
ШҚО мен Астана қаласының хоккейшілері 2013, 2017, 2025 жылдың шешуші ойындарында тағы жолықты. Финалдық матчта елордалықтар жылдам екі шайба соғып, біршама уақыт алда тұрған еді. Алайда жанкүйерлердің қызу қолдауымен алаң иелері екінші кезеңде алға шығып, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Жалпы, турнирде Астана, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 97 хоккейші бақ сынады.