Uncategorized

«Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік, құрылымдық және бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сайыстың мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Аталған сайысқа 13 мекеме «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ, «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ, «Астана қаласының Дін басқармасы» ММ, «Астана қаласының мемлекеттік архиві», «Жастар ресурстық орталығы», «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС, «Астана-Теплотранзит» АҚ және құрама командалар қатысты.

Қатысушы командалар «ҒЫЛЫМ» тест туры, «СӨЗЖҰМБАҚ» кроссворд туры, «ҮШ СУРЕТ» медиа туры, «АНАГРАММА» туры, «БАЙЛАНЫС» тақырыптық туры, «ОЙЛАН ТАП» турлары бойынша сынға түсіп, түрлі тақырыптарда қатысушыларға күрделі сұрақтар қойылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС командасы ІІІ орын, «Астана-Теплотранзит» АҚ командасы ІІ орын, «Астана-Энергия» АҚ командасы І орын иеленді.

Сайысқа қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button