Мәдениет

Үш батыр қызға ескерткіш қойылады

Түркістан облысының мәдениет басқармасы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай, Қазығұрт ауданының комуналдық балансында «есебінде» туратын «Мәңгілік ел» саябағына Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова мен халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткішін орнату туралы РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС жариялайды.

Қазақстанда 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту жоспарлануда. Осы тарихи күнге байланысты бұл ескерткіш мүсіншілер арасында өтетін үш батырға арналған байқауда басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, осы конкурста мүсіншілер арасында құрылыстың үздік жұмыс жобаларын жасауда жан-жақтылыққа мүмкіндік беріледі.

Конкурстың мақсаты: тарихи оқиғаларды, тарихи тұлғаларды болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақтау, Ұлы Отан соғысының батырлары Әлия Молдағұлов, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың Отан қорғаудағы ерен еңбектерін насихаттау, құрылысқа жоғары шығармашылық орындауды қамтамасыз ету;

Байқау материалдарына қойылатын басты талап: тақырыпты объективті, жан-жақты, терең зерттеу, ескерткішке өзіндік, шығармашылық көзқараспен қарау, өзектілік және нақтылық. Тиісті нақты жұмыс жобаларындағы материалдарға басымдық беріледі.

Конкурсқа 2025 жылдың 15 ақпанынан 2025 жылдың 17 наурызына дейінгі кезеңде жарияланған жұмыс жобалары және материалдар, фотосуреттер қабылданады. Конкурсқа материалдарды қабылдау 17 наурызда аяқталады.

Ұсынылатын материалдардың жобалары, сілтемелері мен Сіздің жеке деректеріңіз электронды түрде madenimura2010@mail.ru поштасына жіберілу керек (Байланыс нөмірі: 8747 113 82 42).

Сауалнамада жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, мекен-жайыңызды, телефон нөміріңізді және жұмыс жобаларыңызды көрсетуіңіз керек.

Республикалық шығармашылық конкурс аяқталғаннан кейін конкурсқа келіп түскен құрылыстың жұмыс жобалары жергілікті атқарушы органдар жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиялардың қарауына енгізіліп, кемінде үш үздік жұмыс  таңдалып алынады.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия іріктеп алған құрылыстың үздік жұмыс жобалары мынадай құжаттармен және материалдармен бірге уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі) жіберіледі:

 

      1) құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпарат қамтылған ілеспе хат;

      2) құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің немесе қаулысының көшірмесі;

      3) құрылыстың кемінде 1:10 ауқымдағы кемінде үш жұмыс жобасы;

      4) жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ахуалдық сызбасы;

      5) құрылыстың 1:500 ауқымдағы бас жоспарының макеті;

      6) құрылыстың сәулеттік-көркемдік, композициялық шешімдері туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба;

      7) жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы.

 

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясының дербес құрамы және басқа да маңызды мәліметтер Түркістан облысы мәдениет басқармасының интернет желілерінде Facebook, Іnstagram парақшаларында жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button