Қоғам
Астаналық шорт-трекші әлемдік тур кезеңінде қола жүлдегер атанды

Миланда (Италия) шорт-тректен әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстан құрамасы сапында астаналық спортшы Әділ Ғалиахметов өнер көрсетті. «Қазақ көшпенділері» командасы 5000 метрге финалда бақ сынап, Италия мен Канададан кейін үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2024-2025 жылдардағы әлемдік тур кезеңіндегі екінші жүлдесі. 2024 жылдың желтоқсан айында әйелдер құрамасы да 3000 метрге эстафетада қола жүлдегер атанды.