Қоғам

Елордада Taldau Run спорттық жүгіру жарысы өтті

Астана қаласында Taldau Run спорттық жүгіру жарысы өтті. Спорттық іс-шараға Сарапшылар клубының мүшелері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлектері және саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Серікұлы және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жарысқа қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар осы аптада Қытайдың Харбин қаласында ІХ Қысқы Азия ойындары аяқталғаны, онда отандастарымыз жарқын жеңістерге қол жеткізгені айтылып, бұқаралық спортты дамытуды көздейтін бүгінгі жобаның осындай үлкен спорт мерекесімен тұспа-тұс келуінің символикалық мәніне назар аударылды. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта Taldau Run жүгіру жарысы «Талдау мектебінің» қатысушылары үшін игі дәстүрге және маңызды нетворкингке айналатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Палата спикері «Талдау мектебінің» төртінші кезеңінің аяқталуына небәрі екі апта уақыт қалғанын тілге тиек етті. Сондықтан идеяларды бірлесіп талқылау, ұсыныстар мен бастамаларды әзірлеу үшін әрбір кездесуді белсенді және сапалы пайдаланудың маңызы зор.

Айта кетейік, «Талдау мектебі» жобасы мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулерде, БАҚ-та аналитикалық тәсілдерді күшейтуді көздейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button