Жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін

SCAT әуе компаниясы жүк тасымалдайтын компания ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Жалпы бұл тапсырма бұған дейін де бірнеше рет айтылды, бүгін тағы қозғалды. Тасымалды жетілдіру үшін әуе жүк компаниясы керек. Қазір геосаяси жағдайды ескерсек, рейстердің бір бөлігі Қазақстан арқылы ұшады, яғни алғышарт қалыптасты. Енді Премьер-министр бұл жұмысты жеделдетуді тапсырып отыр. Осы орайда SCAT әуе компаниясының жүк авиакомпаниясын ашу жоспарында бар, — деп қысқа қайырды Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша Көлік министрінің орынбасары отандық әуе жүк тасымалы компаниясын ашу жұмысының қолға алынатынын айтып отыр.
Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанда алғаш рет әуе жүктері және логистика бойынша аймақтық TIACA форумы өтті.
Айта кетсек, елімізде әуе саласына жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр.