Қоғам

Ораза-2025: Қазақстан қалалары мен елді мекендерінің кестесі

Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 1 наурызға тұспа-тұс келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 1 наурыз оразаның алғашқы күні болса, 29 наурыз – соңғы күні. 30 наурызда ораза айты мерекесі басталады. Наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні – Қадір түні.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button