Шаһар шежіресі
Өткен жылда белгі бар

Осыдан тура 34 жыл бұрын «Ақмола ақиқаты» (қазіргі «Астана ақшамы») газетінде жарияланған мына хабарландыру сол кезде бағаның шарықтап, нарықтық экономикаға бет бұрған алмағайып күндерді еске салады.
Дүкен сөрелері босап, базар нарқы өсіп, ақша күн сайын құнсызданып, халық дағдарғанда, қала билігі әртүрлі ереже мен тәртіп жүйесін енгізіп, қиын күндерден қиналмай шығудың амалын ойластырушы еді. Соның бірі мына суреттегі қала тұрғындарына азық-түліктің кейбір түрлерін таратудың талондық түріне көшкенінен хабардар етеді. Тізімде көрсетілгендей, тұрғындарға тек осы дүкендерде май мен арақ сатылады. Олар өздеріне тиесілі талон арқылы қажетті май мен арақты алып, кейбіреуі оны базарға апарып сатып амалдаушы еді.
Ғазиза ИСАХАН