Қоғам

«Цифрлы сот орындаушысы»: жоба нәтижесі қандай?

Елордада «Цифрлы сот орындаушысы» жобасын енгізу нәтижесінде атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру қарқынды дамыды. Бұл туралы Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласындағы кәмелетке толмаған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық Әділет департаменті 2024 жылы жеке сот орындаушылардың атқарған жұмысының қорытындыларын жариялады.

«Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 3,5 трлн теңгені құрайтын 746 673 атқарушылық құжат болды. 341 514 атқарушылық құжат аяқталып, оның ішінде 188 123 іс толық орындалды. Орындалған құжаттардың жалпы сомасы 79,3 млрд теңгені құрады.

«Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі арқылы 25 335 жеңілдетілген атқарушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 539,2 млн теңгені құрады. Бұл азаматтарға 5 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берді, себебі жеке сот орындаушысының қызметіне арналған қосымша шығындар алынып тасталды», – дейді спикер.

Сөзін жалғай отырып, «Цифрлы сот орындаушы» жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы қозғап өтті. Айтуынша, адами фактордың азаюына процестердің толығымен автоматтандырылуы себеп болған, сондықтан сот орындаушыларға жеке барудың қажеттілігі жоқ.

«Борышкерлерге цифрлық хабарлама жіберу – қарыз туралы ескерту SMS (1414) және EGov Mobile push-хабарламалары арқылы жолданады.

Нысаналы шектеу – егер дәстүрлі жеке сот орындаушысы барлық банк шоттарын бұғаттайтын болса, жаңа жүйе тек қарыз сомасы шегінде бір ғана шотқа шектеу қояды.
Ыңғайлы онлайн төлем – қарызды онлайн төлеуге болады, төлем жасалғаннан кейін шектеулер автоматты түрде алынады», – дейді ведомство өкілі.

Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларды аттестаттау мәселесін де айтып өтті. 2024 жылы Астанада 258 жеке сот орындаушысы жұмыс істеді. Аттестаттау жылына кемінде бір рет өткізіледі және оған компьютерлік тестілеу мен әңгімелесу кіреді. Аттестациядан сәтті өткен үміткерлер жеке сот орындаушысы ретінде қызмет ету құқығына лицензия алады.
«Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру – сот актілерін орындаудың әділ, ашық және ыңғайлы жүйесіне көшуге жасалған маңызды қадам. «Цифрлы сот орындаушысы» жүйесі азаматтардың қаржысын үнемдеуге және сот шешімдерін орындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр», – деп атап өтті Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары, кәмелетке толмыған балалалардың істері жөніндегі комиссияның мүшесі Жанна Сүйімбаева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button