Қоғам

Белгіленбеген орынға құрылыс қалдықтарын төккендер жазаланды

Астана қаласының Сарайшық ауданында құрылыс қоқысын заңсыз төккендерге қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оқиға Ш.Қалдаяқов көшесі маңындағы LRT құрылысы бойында болып, Sergek камералары арқылы анықталды. Аудандық әкімдік пен учаскелік полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі нәтижесінде құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Заңбұзушылық 505-бап «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» (20 АЕК) және 434-2 бап «Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау» (10 АЕК) бойынша болды.

Заңсыздыққа жол берген жүргізушілерге айыппұл салынып, құжатсыз жұмыс істеген арнайы техника айыппұл тұрағына бұғатталды.

2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 121 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 091 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. 229 ескерту жасалды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын, қалалық аумақтағы рұқсат етілмеген орындарды қоқысқа толтыру әрекеті Заңбұзушылық болып саналатынын қатаң ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button