Елорда тынысы

Елордада Шахмат олимпиадасының алауы жағылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада өтетін Шахмат олимпиадасы туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астанада Шахмат олимпиадасының алауы жағылды! Қаламызда рапид және блиц бойынша (FIDE World Rapid and Blitz Team Championships2024) командалық әлем чемпионаты ашылды.

Турнирге әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары және ерлер мен әйелдер рейтингінің бірінші нөмір иелері Магнус Карлсен мен Хоу Ифань, сол сияқты қазіргі әлем чемпиондары Цзюй Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь және басқа да көптеген жұлдыздар келді.

Елордамыз шахмат турнирлерін өткізуде бай дәстүрге ие. Алдыңғы турнирлер, нақтырақ айтқанда әлем чемпионы атағы үшін матч, әйелдер Гран-приінің кезеңі, рапид пен блицтен әлем чемпионаты Астанада шахматқа деген қызығушылық жоғары екенін және ойынның сұлулығын бағалай алатынын көрсетті.

Жинақталған тәжірибе, шарттар мен инфрақұрылым қаламызда кез келген ауқымды шахмат чемпионаттарын өткізуге мүмкіндік береді.

Балаларымыз шахматқа құмар әрі оны жақсы көреді. Біз жас спортшыларымыздың әрбір чемпионат сайын атақты шеберлерге айналғанына куә болып жүрміз. Бұл өскелең ұрпақ үшін ең жақсы үлгі болмақ!» — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button