Қоғам

Автобус апатынан 7 адам ауруханаға жатқызылды

21 ақпанда автобустың бағанаға соқтығысуы салдарынан 15 адам елордадағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы №1 ауруханадан мәлім етті, деп  хабарлайды astana-akshamy.kz

Тексеру нәтижесінде 8 адам дәрігерлердің ұсынысымен амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді.

— 7 науқас емделу үшін ауруханаға жатқызылды, оның төртеуіне операция жасалды. Барлық науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында және толық көлемде қажет ем-дом алады, – делінген таратылған мәліметте.

Ал автобус жүргізушісіне операция жасалып, қазір оның жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты. Ол жарақаттар бөліміне ауыстырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жараланғанын жазған едік.

Автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button