Ел тынысы

Жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында дәстүрлі турнир өтті

Елорда төрінде жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасындағы дәстүрге айналған Indoor Run Astana-2025 сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізілген спорттық шараға Астана желаяқтарынан бөлек, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Семей, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Екібастұз және көршілес Ресей Федерациясынан да 100-ден астам әуесқой спортшы арнайы келді.

«Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан турнирімізде 12 жүгіру клубы және зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандарға арналған IDsport федерациясының өкілдері жүлдеге таласып жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда бірқатар өзгеріс бар. Біріншіден, жүлде қоры көбейіп, 1 млн теңгені құрады. Екіншіден, биыл 600 метр қашықтықтағы сайысты енгіздік. Үшіншіден, тек әуесқой спортшылар ғана емес, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да күштерін сынап жатыр. Олардың арасында велоспорттан спорт шебері Дастан Ордабай 600 метрлік жарыста өнер көрсетті. Алдағы уақытта турнирдің деңгейі одан әрі ұлғая береді деген сенімдемін», – деді жарыс ұйымдастырушысы Сұлтан Базарбай.

Айта кетейік, дәл осы спорт кешенінде бір ай бұрын World Athletics Indoor Tour Gold Label турнирінде Олимпиада, әлем чемпиондары, әлемдік рекордсмендер бақ сынаған еді.

Ендігі кезекте әуесқой желаяқтар 600 метр, 1 000 метр, 1 миль, 2 000 метр, 3 000 метр, 4×200 метрдегі эстафета, критериум сайысында жүлдеге таласты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button