Елордалық зейнеткерлер қысқы зияткерлік ойындарына қатысты

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде «Тарих.Таным. Ізденіс!» тақырыбында қысқы зияткерлік ойындары өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .
Ойынға Астанадағы бес орталықта қызмет алушылардан құралған 7 команда қатысты. Әр команда құрамында 10 адам: 7-еуі негізгі және 3-уі қосалқа мүше ретінде қатысты. Барлығы 70-тен аса адам ойын барысын бақылап отырды.
Бұл жолы Сарыарқа ауданы бойынша «Сарыарқа» ойын тобы жеңіске жетті. Олапр ауыспалы кубокты еншіледі.
«Байқоңыр ауданы бойынша жоғары дайындық көрсеткен «Зейін» және «Зерде» ойын топтары І және ІІ орындарды иеленді.
Ойынға 62 мен 84 жас аралығындағы зейнеткерлер белсенді қатысты.
Ойынға төрелік еткен қазылар алқасының құрамында мектеп мұғалімдері мен «Зиялы ұрпақ» интеллектуалдық-инновациялық мектептің және Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының тарихшы мамандары болды.