
🔹5-орын: Балқаш курорттық өңірі
Балқаш көлінің жағалауында орналасқан демалыс өңірі былтыр 9 айда 120 948 турист қабылдаған.
🔹4-орын: Алакөл курорттық өңірі
Алакөл көлінің Абай облысындағы аумағына 125 621, Жетісу облысындағы бөлігіне 113 059 турист барған. Осылайша, бұл өңір еліміздің басты табиғи інжу-маржаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
🔹3-орын: Щучье-Бурабай курорттық өңірі
Орманы, көлдері және курорттық кешендерімен әйгілі бұл өңір 275 295 саяхатшыны қабылдаған.
🔹2-орын: Маңғыстау курорттық өңірі
Маңғыстаудың көрікті пейзаждары мен Каспий теңізінің жағалауында 325 013 турист демалған.
🔹1-орын: Алматы тау кластері
Еліміздің ең тартымды курорттық өңірлер рейтингінде Алматы тау кластері көш бастап тұр. Өңірге 1 996 801 турист сапарлаған. Әсем тау пейзаждары мен таза ауасы өңірді белсенді және табиғат аясындағы демалысты ұнататындар үшін нағыз тартымды орынға айналдырды.4115:33