Елорда тынысы

Спортты серік ететін елордалықтар саны артуда

Елордалықтардың спортпен шұғылдануға деген құлшынысы жыл санап артып келеді. Осы орайда Астана қаласының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестірумен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы айналысады. Басқарманың спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов мекеменің жалпы мақсаты мен міндеттері және қалада жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған басқарма сонымен қатар  дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру, спортпен және дене шынықтырумен айналысатын адамдардың, сондай-ақ спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жұмыстар жүргізеді.

-Дене шынықтыру және спорт саласында өз қызметін 19 ведомстволық бағынысты мекеме жүзеге асырады. Атап айтқанда, 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы», олимпиадалық спорт түрлері және олимпиадалық емес спорт түрлері дирекциясы, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, «Дәулет» спорт комбинаты, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, спорттық медициналық орталық, «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешені және жаңадан ашылған мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру дирекциясы бар. Биылғы жылдың жартыжылдығында қалада күнтізбелік жоспарға сәйкес 303 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралар – 33, республикалық деңгейде – 62, қалалық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шаралар – 208. Жалпы қатысушылар саны 172 мың адам, — дейді А. Ағзамов.

Бүгінде осы жұмыстарды үйлестіруде басқармада 13 адам еңбек етеді. Ал қалада спорт және дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 1081 ұжым қызмет етеді. Онда 551 692 адам жүйелі түрде дене-шынықтыру және сауықтырумен айналысады, бұл қала халқы жалпы санының 39,1%-ын құрады адам қатысады Оның ішінде 3-13 жас аралығындағы балалар саны 159 172. Ұжымдардың негізгі бөлігі қызығушылықтары бойынша, кәсіпорындарда, ұйымдарда, тұрғылықты жері бойынша әртүрлі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарынан тұрады.

-Ұжымдар санының артуы жалпы білім беретін мектептер, орта арнаулы оқу орындары есебінен де орын алды. Әр түрлі сауықтыру кешендерінде фитнес-клубтар мен спорттық-сауықтыру қызметтерінің желісі кеңейді. Сондай-ақ, мемлекеттік спорттық тапсырыс есебінен қалада спорт ұйымдарының саны артты. Бүгінгі таңда әкімдік жанынан 20 аула клубы жұмыс істейді, олардың негізгі қызметі қаланың балалары, жасөспірімдері мен жастарының бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған. Үйірмелер мен аула клубтарының секцияларына бару тегін негізде жүргізіледі, — дейді спикер.

Сондай-ақ қаланың 4 ауданында Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубтары бар. Оның мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамыту, аудан мектептерінің оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру. Елорда аудандары бойынша балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарының тәрбиеленушілерін қамту 700-ден астам баланы құрады.

Басқарма мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша да жұмыстар жүргізуде.  Бүгінгі таңда қалада спорттың 30 түрі бойынша 945 секция жұмыс істейді, 335 жеткізуші қызмет көрсетеді, оның ішінде 172 белсенді 3 мүмкіндігі шектеулі ерекше балалармен жұмыс істейді, сондай-ақ 26000 белсенді ваучер. Ең танымал секциялар-шахмат сияқты спорт түрлері 257 секциялар, дзюдо 112 секциялар, футбол 80 секциялар, көркем гимнастика 54 секциялар және каратэ 99 секциялар.

-Астана қаласында 173 спорттың түрі дамытылуда. Олардың ішінде  олимпиадалық спорт түрлері – 49, олимпиадалық емес спорт түрлері – 50, ұлттық спорт түрлері – 12, мүгедектер спорт түрлері –55, техникалық спорт түрлері – 7. Олимпиадалық спорт түрлерінен ең көп таралған ойын спорт түрлері — баскетбол, стритбол, волейбол, футбол, шайбалы хоккей. Қазіргі уақытта дзюдо, бокс, велоспорт, жүзу, сияқты спорт түрлері танымал, — дейді бөлім басшысы.

Қыста шайбалы хоккеймен айналысатын контингент саны басқа қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен басым. Алайда, шорт-трек, шаңғы және конькимен сырғанау секілді спорт түрлері танымалдылыққа ие. Бұл спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Олимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын адамдардың жалпы саны – 149 531 адам. Олимпиадалық емес спорт түрлерінің арасында каратэ, джиу-джитсу, шахмат, панкратион түрлері танымал болып қалуда. Олимпиадалық емес спорт түрлерімен барлығы 383 787 адам айналысады.  Ұлттық спорт түрлері бойынша ең көп тарағандары – тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, жекпе-жек. Ұлттық спорт түрлерімен барлығы 11 963 адам айналысады.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button