Қоғам

Әкелер институты – тәрбие мектебі

Астана қаласының дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде ата-аналарды мектеп өмірімен белсенді түрде таныстыру және оларды бір ортаға жинау мақсатында «Әкелер спорт кеші» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мектептің «Әкелер кеңесінің» бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара әр аптаның сәрсенбі күні дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бастысы іс-шара тек мектеп аясында ғана емес, қала мектептері мен өңірлер арасындағы әкелердің жолдастық кездесулерін ұйымдастырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қолға алынған. Осылайша отбасындағы әке мәртебесін көтеріп, қоғамда әкелердің рөлін арттыру, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру және отбасындағы тәрбиенің мәнін түсіндіру көзделген.

Іс-шара барысында волейбол, шахмат және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Тартысты дода алты сағатқа созылды. Жарыс нәтижесінде «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік жанкүйер» номинациялары бойынша марапаттар табысталды.

Сайысқа арнайы шақырылған республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы филиалының төрағасы Бекдайыр Нығметұлы әке тәрбиесінің маңыздылығын атап өтіп, бүгінгі әкенің міндеті – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, ұлттың рухын сақтап қалу екенін баса айтты.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button