Қоғам

Су тасқыны кезеңіне дайындық

  Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, сондай-ақ дренаждық жүйелерді жөндеу және салу, жолдардың астына жаңа су өткізу құрылыстарын ауыстыру және орнату, сондай-ақ каналдар мен арықтарды жайластыру. Қауіпті аймақтарда жағалауларды тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілуде, өзен арналары тазартылуда. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.

Осылайша, су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту аясында Астана қ. ТЖД қызметкерлері Байқоңыр ауданының әкімі, аудан прокурорының орынбасары, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп, Ақмола облысы Қоянды ауылының саяжай учаскелеріне барды. Бұдан басқа, Аршалы ауданы ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны жағдайын мониторингілеу мақсатында Жібек Жолы ауылына шықты. Бүгінгі таңда бұл ауылды тасқын сулардан қорғау үшін ұзындығы 6,277 шақырым, биіктігі 2-ден 5,3 метрге дейін және ені 12-ден 34 метрге дейін бөген салу жұмыстары жүргізілуде. Департамент қызметкерлері Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбековпен «Газмашаппарат», «Западный» саяжай қоғамдары, «Үркер» тұрғын алабы мен қар полигонына тексеру жүргізіп, оның барысында қар полигонынан еріген қар суын ағызу үшін каналды қазу орындары анықталды.

  Алматы қаласы ТЖД «Қазселденқорғау» ММ-мен бірлесіп Үлкен Алматы өзені бассейнінен Түрген өзені бассейніне дейінгі мұздақ көлдерге, биік таулы мұздақ көлдерге, сел ойпаттары мен ошақтарға, көшкін қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді. Іс-шара су айдындарының жай-күйін мониторингілеуге, сондай-ақ көктемгі қардың еруі қарсаңында қала тұрғындары мен инфрақұрылымына төнетін қауіптердің алдын алуға бағытталған. Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша барлық мұздақ көлдер қысқы режимде, минималды белгілердегі стационарлық көлдер, стационарлық емес көлдер іс жүзінде бос екендігі анықталды.

  Алматы облысында Жармұхамбет өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Іле ауданында Облыстық ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Оразбековтың қатысуымен су тасқыны қаупі бар учаскеге тексеру жүргізілді. Жармұхамбет ауылындағы су тасқыны қауіпті учаскесі зерттелді, «Монтажник», «Кирпичник», «Ивушка», «Кристалл» ПКСТ бойындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы тексерілді, онда осы өзен арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және еріген қар суының кедергісіз өтуі мақсатында өзен арнасын 1,2 км бойы механикалық тазарту жүргізілді.

Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында мемлекеттік инспектор бастаған жұмыс тобы Абай облысының Жарма ауданына барды. Жұмыс сапары барысында олар Ортабұлақ және Шар гидротехникалық құрылыстарын аралап көрді. Жарма ауданының әкімі су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, шұғыл қызметтердің дайындығы және төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажетті ресурстар туралы баяндады.

  Ақтөбеде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар барысы тексерілді. ТЖД бастығының орынбасары А.Жанабергенов аудан әкімімен бірлесіп Мәртөк ауданындағы ықтимал қауіпті учаскелерді аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Сарыжар, Саржансай, Мәртөк ауылдарындағы су тасқынына қарсы жасалған Сарыжар ауылындағы бөгеттер, Саржансай ауылындағы төменгі Елек өзені жағасы және Мәртөк ауылында еріген қар суының арналарындағы кеңейту жұмыстарын бақылады. Бұл жұмыстар елді мекендерді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауылдарға қардан ағатын суды бұру үшін бөгеттер көтеріліп, арықтар мен бұру арналары қазылды. Сонымен қатар Қазан-1, Қазан-2 бөгеттерінің де жай күйі тексерілді.

  Жамбыл облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мамандар су басу қаупін болдырмау мақсатында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» ММ филиалдарының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК филиалының өкілдері Талас өзеніндегі су шығыны мен деңгейінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – өзендегі су деңгейінің өзгеруін уақтылы анықтау, ықтимал қауіпті бағалау және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыру. Бірлескен өлшеулер өзен арнасындағы судың көлемін дәл анықтауға, гидротехникалық құрылыстардың жұмысын үйлестіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Бәйтерек ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік инспектор, облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, департамент бастығының орынбасары Е. Жәлелов және комиссия мүшелері аудан аумағында атқарылған жұмыстармен танысып шықты. Су жіберу жолдары, сужинағыштар, елді мекендердің дайындық паспорттары да тексерілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button