Қоғам

Гидтер мен экскурсия жетекшілерінің алғашқы форумы өтті

Президент Әкімшілігінің Президенттік орталығында Дүниежүзілік гидтер күніне арналған астаналық гидтер мен экскурсия жетекшілерінің алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Форумды Астана қаласы әкімдігінің, «Astana Tourism» ЖШС, Елордалық гидтер клубы, Қазақстан гидтер мен экскурсия жетекшілері одағы және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Астанадан және Қазақстанның басқа аймағынан 100-ге жуық экскурсиялық қызмет өкілдері жиналды. Қатысушылар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларына, сондай-ақ 2025 жылғы 28 қаңтардағы ел Үкіметінің кеңейтілген отырысында туризмді экономикалық өсімнің драйверлерінің біріне айналдыру бойынша қойылған міндеттерге сәйкес туризмді тұрақты дамыту мәселелерін талқылады.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев 2024 жылы елордаға келетін туристер саны 2023 жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқанын, сол сияқты Астанаға Қытай, Түркия, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Корея, Германия және АҚШ елдерінен 1,5 миллионға жуық адам келгенін атап өтті.

Форумға қатысушылар тәжірибе алмасып, экскурсиялық бизнестің жаңа әдістері мен тенденцияларын талқылады, сондай-ақ саланы одан әрі дамыту векторын белгіледі. Спикерлер кәсіби дайындық, ынтымақтастық, қаржылық қызмет және салық салу мәселелеріне тоқталды.

Форум кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған шеберлік сыныптарымен және тренингтермен жалғасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button